Балабақша мемлекеттік комиссия шешімімен 30.12.2013 жылы берілген, ал 2014 жылдың 06 қаңтарда іске қосылып, 100 тәрбиеленуші мемлекеттік тілде тәрбиеленді. 2017 жылы жаңа ғимарат салынып, сол балабақша бес топқа арналып салынғанына байланысты 2018 жылдың қаңтар айынан қосымша бір топ қосылып, 125 бала болды. Балабақша ыңғайластырылған екі ғимараттан құрылған. Балабақшада бес топ: шешінетін және қабылдау бөлмесі, оқу- ойын бөлмеден, жатын бөлмеден тұрады. Балабақшамызда меңгеруші, әдіскер, медицина, музыка, кір жуу, қойма бөлмелері бар.
Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Жылу жүйесі пеш арқылы газбен жылынады.
Балабақша темір бетонды қорғанмен қоршалған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс бағы, әсемдік ағаштар мен гүлзарларға күтім жасалуда.
Балабақша учаскелерінде спорт алаңы мен әрбір топқа арналған саяжайлар бар, олар ойын құралдарымен жабдықталған.
Медицина бөлмесі балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен қатар сауықтыруға арналған медициналық құралдармен және дәрі – дәрмекпен жабдықталған.